Спецификалы? емес жаралы колит
Анықтамасы
Жалпы мәлімет
Себептері
Симптомдары
Диагностикасы
Емі
Болжамы
Асқынулары
Алдын алуы
Жалпы мәлімет
Жаралы колит немесе спецификалық емес жаралы колит – тоқ ішектің әртүрлі бөліктерінің қабынуымен тіндерінің бұзылысымен жүретін ауру (бөліктері — жоғарлаған бөлігі, көлденең бөлігі, төмендеген бөлігі, сигматәрізді ішек, тік ішек). Бұл процесс жиі тік ішекте болады.
Өңеш, асқазан, жіңішке ішекпен бірге бауыр, өт және ұйқы безі тағамның қоректік компоненттерін ыдыратып энергияға айналдырады, судың сіңірілүін тоқ ішек қамтамасыз етеді, және қоректік емес компоненттер тоқ ішек арқылы шығады.
Себептері
«Спецификалық емес» термині колит белгісізсыртқы себептермен дамитынын айтады. Ауру кезінде ішектің шырышты қабығында көптеген жаралар болады, сондықтан колит «жаралы» деп аталады.
Бұл ауруды шақыратын негізгі себептері анықталмаған. Көп жағдайда ішек тіндері өзінің иммунды (қорғаныс) жүйесінің әсерінен зақымдалады.Тоқ ішектің жұмысы бұзылғанда стпертококктар, сальмонеллалар, стафилококтар сияқты ауру тудыратын микроорганизмдерді шақыруы мүмкін. Ішектің жаралы колиті тұқым қуалайтын ауру деген болжам бар. Осы аурумен жақын туысқандар аурса, зерттеулер бойынша жаралы колитке шалдығу 5-20 есе артады.
Тағы бір себептері, спецификалық емес жаралы колит ауруын тудыратын ұйқы безі мен өт қапшығының инфекциялары, үнемі күрделі қорытылатын асты пайдалану, ішімдік ішу, антибиотиктерді қабылдау, стресс болуы мүмкін.
Симптомдары
Жаралы колиттің симптомдары аурудың формасына байланысты. Клиникада жаралы колитті жедел және созылмалы деп бөледі. Жедел жаралы колит сирек кездеседі, ол жеделдеу болуы мүмкін. Созылмалы жаралы колит ағымы екі формада жүрүі мүмкін: үздіксіз және рецидифті (қайталанатын). Асқыну және ремиссиялық кезеңдері бар.Жаралы колиттің көп жағдайдың жартысында екіншілік асқынуы келесі 2 жылда кездеседі. 10% жағдайында жара пайда болғанда колиттің өршуі сирек кездеседі — 25 жылда бір рет.
Аурудың белгілері:
- Іштің ауруы мен шаншуы (ұстамалары жіті ауырсыну)
- Іштің қатты құрылдауы
- Диарея(сұйық нәжіс, іш өту)
- Тенезмалар (ауыртпалы жалған позывы к дефекации (опорожнение кишечника)
- Нәжісте қан мен ірің
- Қызба (температураның көтерілуі)
- Салмақ жоғалту
- Балалардың бойының өсүінің баяулауы
- Басқа белгілері:
- Жүрек айну және құсу
- Аузында жаралардың болуы
- Асқазан-ішектік қан кету
- Буындардың ауруы
Диагностикасы
Диагноз симптомдар мен жасалынған зерттеу анализдерінің нәтижесіне қарап қойылады.
Негізгі ең көп мәлімет беретін диагностикаларға эндоскопиялық (ректороманоскопия және колоноскопия) және рентгенологиялық (ирригоскопия) әдістері жатады.
Эндоскопиялық тексеру ірі ішекті тік ішек арқылы оптикалық талшықтан тұратын ұзын түтікшені енгізу арқылы жасалады. Мұндай зерттеу дәрігерге ішектің ішкі қабырғаларын көруге және олардың жағдайын анықтауға мүмкіндік береді.Ректороманоскопия жасағанда толығымен тік ішек және сигма тәрізді ішектің бастамасына дейін зерттеу жүргізіледі, олардың ұзындығы бойынша түрлі патологиялық (қалыпсыз) процестердің болуы анықталады.
Колоноскопия жасағанда визуалды (көру) тоқ ішектің бүкіл ішкі беті зерттеледі, биопсия жасалады (өзгерген жерден тінді алып зерттеу).
Ирригоскопия рентгендік диагностикалық әдіс болып табылады, онда науқасқа арнайы клизманың көмегімен тоқ ішекке барий сұйықтығын енгізеді, ол контарстты фонның қызметін атқарады, рентген сәулелерін өзіне сіңіре алатын қасиеті бар, сосын ішектен сұйықтық шығып кеткенге дейін бірнеше сурет түсіріледі.
Ирригоскопия ішектің саңылауларының бірдей емес тарылуын және контурының өзгергенін анықтауға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ соңғы жылдары ауруды диагностикалаудың жаңа әдісі пайда болды — капсулалық эндоскопия.
Бұл әдіс эндоскопиялық бейне капсуланың көмегімен науқастың ішкі мүшелерін зерттеуден тұрады, бейне сигнал таратқышымен жасалған. Асқазан-ішек жолдары арқылы өту кезінде капсула бірнеше сағат ішінде бірнеше ондаған мың фотосуретті жасайды, олар пациенттің денесінде орналасқан датчиктерге беріледі және қабылдағыштың жадында жазылады.
Емі
Спецификалық емес жаралы колит – созылмалы ауру, тұрақты ем алуды қажет етеді.
Жаралы колиттің емі жылдам ремиссияға жетүге бағытталған. Негізгі емі қабынуға қарсы арналған препараттар құрайды:
глюкокортикоидтыгормондар – организімдегі қабынуды шақыратын өнім факторларын бөгейтін препараттар;
аминосалициллаттар — 5-аминосалицил қышқылы, тоқ ішектің шырышты қабығының қабынуын тежеуші препараты;
цитостатиктер, өте ауыр жағдайда тағайындалады , себебі олар иммунды жүйені басады.
Колиттің Симптоматикалық емі қанды тоқтататын заттар арқылы жүзеге асырылады. Егер қан кетү көлемді болса, жаңа мұздатылған плазма және қанның компоненттерін құю керек болады.
Ішектің перистальтикасынқалыпқа келтіру мақсатында науқасқа іш өтүге және шаншу мен ауырсынуды басуға арналған дәрілер тағайындалады.
Жаралы колит кезінде температура болса, емінде бактерияға қарсы терапия жүргізіледі. Егер науқас қатты арықтап кетсе, көктамыр ішіне қоректік қоспалар енгізү қажет.
Дәрі-дәрмекпен емдеу нәтижесіз болған жағдайда және тік ішектен қан кетү ұзаққа созылып тоқтамаса хирургиялық ем тағайындалады. Хирургиялық ем кезінде толықтай тоқ ішекті алып тастайды. Мұндай операция колэктомия деп аталады, ол тек шектелген науқастарға жасалады, өйткені мүгедектікке алып келеді.
Сондай-ақ хирургиялық араласу арқылы тоқ ішектің зақымданған жерін жою мен бірге қалыптастыру, одан кейінгі (6 ай — 2 жыл) ішектің өткізгіштігін қалпына келтіру.
Диета
Ішектегі жаралы колит дене салмағының азаюына әкелетіндіктен, тамақ жоғары калориялы, жоғары сапалы және көптеген белоктар мен витаминдер болуы керек.
Науқастар күніне 5-6 рет аз мөлшерде тамақтануы тиіс.
Диета при язвенном колите исключает употребление в пищу пряностей, соусов, жирных и жареных блюд, сырых фруктов и овощей, поскольку они провоцируют диарею Жаралы колит кезінде дәмдеуіштерді, тұздықтарды, майлы және қуырылған өнімдерді, шикі жемістер мен көкөністерді қолдануға болмайды себебі, диареяны тудырады.
Сондай-ақ сүт өнімдерін аса сақтықпен пайдалану керек.
Диета кезінде пайдаланылатын өнімдер: майсыз ет (тауық, үндік, қоян), балық, майсыз сорпа, жұмыртқа, ботқалар мен картоп. Сусындардан: кисель, қайнатылған жидектер, какао, қара кофе, шәй. Барлық тағамдар бұқтырылған немесе қайнатылған болуы керек..
Аурудың болжамы
Кез-келген басқа аурулар сияқты, жаралы колитті ұзақ уақыт емдемесе, ол ары қарай асқынып емдеу қиындап кетеді.
Егер алғашында науқастардың хирургиялық емсіз организімнің толықтай сауығып кетуі 25% болса, онда бірнеше жыл ішінде бұл көрсеткіш айтарлықтай төмендейді, ал қалған науқастардың 30% — ында толық колит болады. Толық колитпен ауыратын науқастардың жартысы толық ремиссияға қол жеткізе алмайды, ал дәрігерге ерте қоңырау шалу қалпына келтіру мүмкіндігін айтарлықтай арттырады. Егер сіз колит белгілерін өзіңізде байқасаңыз, мамандарға хабарласып тексерілістен өткен жөн. Ауруды ерте уақытта анықтаған жөн, себебі кеш анықталған жағдайда емдеу және оңалту (жоғалтқан функцияларды қалпына келтіру) ұзаққа созылады.
Мүмкін болатын асқынулар
Егер спецификалық емес жаралы колитті емдемесе, дамитын асқынулар: Қатты қан кету, өміріне қауіп төндіретін;
Ішектің бүтіндігінің бұзылуы және ішектің ішіндегі заттардың ішектің қуысына түсүі, оның қабынуына және қанның инфекциясына әкеледі;
Шамадан тыс тоқ ішектің диаметірінің ұлғаюына, ішектің өтімсіздігіне алып келеді, ол толықтай организімнің улануына себеп болад;
Тоқ ішектің қатерлі ісігіне қауып төндіреді.
Алдын алу
Бастапқы алдын-алу шаралары әлі жасалмаған.
Шамасы, олар аурудың себебі дәл анықталғаннан кейін пайда болады. Осыған байланысты 50 жасқа толған адамдар колоноскопиядан өтуге тиіс. Жаралы колиттің асқынуын алдын алу, тек дәрігердің шеберлігіне байланысты емес, ол науқастың өзіне де байланысты. Симптомдардың қайталанбауы үшін, науқасқа ұзақ уақыт бойы дәрілерді қабылдауы ұсынылады.
Аударған: Айтмұқаев Ернұр
Источник
Арнайы емес жаралы колит – тік және тоқ ішек кілегей қабығының жаралы деструкциялық зақымдануына және соның салдарынан ішектің стенозына, тесілуіне, қан кетуге, сепсиске т.б. себептерге алып келуі мүмкін созылмалы ауру.
Арнайы емес жаралы колит таралуы: Бұл ауру әдетте жас шақта, 20-40 жас аралығында пайда болады және әйелдерде 1,5 есе жиі кездеседі. Көбіне бүл ауруға дамыған елдердің қала тұрғындары, 100000 түрғынға шаққандағы кездесу жиілігі 30-270 шамасында. Темекі тартатын адамдардың арасында 2 есе сирек байқалған. Болжамдар бойынша никотин тоқішекке протекторлыұ әсер етеді. Таралуы жер бетінде бірдей емес, ең жиі шалдығатын Скандинавия, Солтүстік Америка, Канада, Израиль, тұрғындары. Таралу ерекшелігін этностық, генетикалық ықпалдармен байланыстырады.
Соңғы жылдары бұл аурудың егде жастағыларда (60-тан асқан шақта) және балаларда жиіленуі байқалған.
Арнайы емес жаралы колит этиологиясы:
Аурудың даму себептері белгісіз. Болуы мүмкін себептеріне ішектік инфекция (бактериялар, вирустар), кейбір дәрмектер, тағамдық аллергия, стресстік ықпалдар, өсімдік талшықтарының тапшылығы жатқызылған.
Кейбір деректерде арнайы емес жаралы колит аутоиммунды ауру деп те айтылады.
Арнайы емес жаралы колиттің патогенезі
Толық анықталмаған. Оның дамуы келесі механизмдердің қатысуымен байқалған:
- Ішек дисбактериозы – тоқішектің микрофлоралық құрамының бұзылысы; құрамы өзгерген микрофлора уытты, аллергендік әсер етіп, ішек қабырғасын қабындыруы;
- Тоқ ішек кілегей қабығының белоктық молекулалар мен бактериялық антигендерге өткізгіштігінің артуы.
- Зақымданған ішек қабырғасынан ішектік аутоантигендердің бөлінуі, оған антиденелердің түзілуі.
- Аутоиммундық процесстің өрістеуінен ішектен тыс зақымданулардың пайда болуы.
- Тоқішектің қабырғасында иммундық комплекстердің жиналуы және түзілуі, осыдан иммундық қабынудың пайда болуы.
Бұл ауруда қабыну процесі кілегейлі қабықтан басталады – эпителий мен крипталар деструкциясынан. Басым зақымданатын кілегей қабық. Кілегей қабықтың меншікті пластинкасы, крипталары лимфоциттермен (криптит), полиморфты нейтрофильдермен инфильтрацияланады. Криптит микроабсцеске, яғни крипт-абсцеске алып келеді. Олар жарылып микроскопиялық жараларға айналады. Олар бір-бірімен ұласуынан көзге көрінетін ірі жаралар қалыптасады. Бұл арнайы емес жаралы колитке тән белгі.
Арнайы емес жаралы колит жіктелуі:
Орналасуына байланысты:
- Арнайы емес жаралы проктит және проктосигмоидит;
- Арнайы емес жаралы сол бөлікті колит;
- Арнайы емес жаралы тотальді колит;
- Арнайы емес жаралы регионарлы колит.
Ағымына байланысты:
- Жедел арнайы емес жаралы колит
- Созылмалы арнайы емес жаралы колит
- Рецидив беруші арнайы емес жаралы колит
Ауырлығына байланысты:
- Жеңіл түрі — күніне 5 реттен көп қоймалжың қан мен шырыш араласқан нәжіс, қанағаттарлық жағдай, жоғары температура, тахикардия, анемияның болмауы.
- Орташа түрі — күніне 5-8 рет болатын қан мен шырыш араласқан нәжіс, аздаған дене қызуы, анемия байқалады, жағдайы қанағаттарлық.
- Ауыр түрі — ауыр диарея (күніне >8 рет); Қан, шырыш және ірің араласқан нәжіс, дене температурасы 380С-ден жоғары, анемия, жалпы жағдайы ауыр немесе өте ауыр.
Арнайы емес жаралы колит клиникалық көрінісі
Аурудың басталуы жедел және созылмалы болуы мүмкін. Клиникалық көріністе екі топ – ішектік және ішектен тыс белгілерді ажыратады. Арнайы емес жаралы колиттің симптоматикасы ішектегі қабыну үрдістерімен байланысты.
Симптомдары:
- Іштің қан, ірің, кілегеі аралас өтуі;
- Тенезмдер – дәнетке жиі-жиі отырғысы келу, отырғанда болмашы қан, кілегей, ірің бөлінеді (тік ішектің шырт түкіруі) Бұл тік ішектің аса белсенді қабынуының белгісі.
- штің ауруы (көбіне сол жақ бөлікте) тоқ ішектің зақымданған проекциясына сәйкес. Кейде ауырсыну тамақ ішкеннен кейін күшейеді.
- Интоксикациялық синдром: дәрменсіздік, адинамия пайда болады; дене қызуы көтеріледі, тәбет, салмақ төмендейді, жүрек айниды. Көбінде астенизацияның белгілері байқалады: депрессия, ашушаңдық, жвлағыштық т.б.
Ішектен тыс жүйелік зақымданулар:
- Тері және кілегей қабықтарының зақымданулары: түйінді эритема (балтырдың алдыңғы бетінде), гангреналық пиодермия, афталық стоматит т.б.
- Көздің зақымдануы: ирит, увеит, кератит т.б.
- Полиартрит: тілерсек, тізе, фалангааралық буындар зақымданады.
- Бауырдың зақымдануы: майлы дистрофия, портальді фиброз, цирроз.
- Нефрит, нефритикалық синдром (сирек кездеседі)
- Тромбофлебит, тромбоэмболиялар.
- Аутоиммундық гемолиздік анемия.
- Аутоиммундық тиреодит.
- Полигиповитаминоз, В12, фолий тапшылықты анемия.
Арнайы емес жаралы колит диагностикасы:
Қарап тексеру: Тік ішекті пальпациялау кезінде перианальді абсцесс, тік ішектің жыланкөзін, тік ішек өзегінің спазмын, қабырғасының шырышты қалыңдауын, қан, кілегей, іріңді байқауға болады.
Тоқ ішегтің эндоскопиялық зерттеуі (жедел түрінде клизмалық дайындақсыз да жүргізеді). Ректороманоскопия бұл ауруды анықтаудың алғашқы қадамы болып табылады. Зерттеуде сигматәрізді және тоқішектің шырышты қабатында ісіну және гиперемия көрінеді; Түбі ірің және фибринге толы эрозия ошақтары көрінеді. Арнайы емес жаралы колит дәнді шырышты қабықпен көрінеді.
Колоноскопия -әсіресе малиноскопияға күмәнданған кезде аурудың созылмалылығын, ауырлығын анықтауда тиімді.
Эндоскопиялық көріністен активтіліктің дәрежелерін айырады:
І дәрежелі (минимальді) – тік ішектің кілегей қабығы ісініп қызарған және жарақаттанғыш.
ІІ дәрежелі (орташа) – І дәрежелі активтіліктің көріністерімен қатар көптеген эрозиялар, фибриндік шөгінділер, ішекте мол мөлшерлі қанды және іріңді кілегей болады, тамыр өрнегі жойылған.
ІІІ дәрежелі (өте айқын) – кілегей қабықтың беті фибринді-іріңді шөгіндімен қапталған, оны сыдырғанда астынан түйіршікті, тұтас қанайтын ішектің беті көрінеді; эпителизацияланудың белгілері жоқ, көптеген жаралар мен псевдополиптер, ішек қабырғасы ригидті, өзегі тарылған.
Рентгенологиялық зерттеу:
Құрсақ қуысының жалпы рентгенологиясы кезінде арнайы емес жаралы колит кезінде 3-5% науқастарда кездесетін токсикалық мегаколоны диагностикалауға болады. Зерттеу кезінде тоқ ішектің көлденең бөлігінің пневмотизациясы байқалады. Тоқ ішектің перфорациясы кезінде бос газ көрінеді. Арнайы емес жаралы колит кезінде ирригоскопияның белгілері: гаустрацияның жоғалуы, тоқішек өзегінің тарылуы, псевдополиптер анықталады. Асқыну кезінде бұлшықеттің спазмы кезінде тоқ ішек қысқарады.
Лабораторлы анализдер:
Анемия, әр түрлі деңгейдегі анемия және лейкоцитоз, гипо- және диспротеинемия байқалады.
Дифференциялды диагноз:
Бактериялық және амебалық дизентерия. Бұл ауруды айырғанда сүйенетін мәліметтер: эпиднмиологиялық анамнез, маусымға тәуелділігі; іштің алғашқы күннен бастап өтуі, кілегейдің бөлінуі, нәжісте қан талшықтарының пайда болуы; нәжісті зерттегенде шигелла, патологиялық амебаны анықтау; ректороманоскопияның мәліметтері – ішектің тарылмауы, кілегей қабық өрнегінің сақталуы; некроз ошақтарының, псевдополиптердің, дтффузды қанағыштықтың болмауы.
Крон ауруы. Бұл жаралы колиттен айрықша, жіңішке ішекті және ішек қабырғасының барлық қабаттарын тұтас зақымдайтын ауру. Жаралардың жіңішке, саңылау тәрізділігінен ішектің эндоскопиялық көрінісі “тас көшеге” ұқсайды. Ауруды айыруға биопсия көмектеседі. Крон ауруында осы ауруға тән гранулемалар көрінеді.
Ішек ісігі. Нәжіске қан араласқанда әрдайым эндофитті өсетін ісіктерден (лимфомадан, рактан, тұқым қуалайтын полипоздан) күдіктенген жөн және оны анықтау үшін колофиброскопия жасалып, биоптат алынуы тиіс.
Арнайы емес жаралы колит асқынулары.
- Токсикалық мегаколон 3-5% жағдайда байқалады. Тоқ ішектің көлденең бөлігінің диаметрі 6 см дейін үлкейеді. Көбінесе өлімге алып келеді.
- Тоқ ішектің перфорациясы 3-5% жағдайда байқалады 72-100% өлімге әкеледі.
- Тоқ ішектің стриктуралары (3-19 % жағдайда)
- Ішектен қан кету. (1-6% жағдайда)
- Тоқ ішектің уытты дилятациясы.(1-2% жағдайда)
- Тоқ ішек рагі: 10 жылдан артық осы аурумен ауырған адамдарда тоқішек рагімен ауру қаупі жоғары болып саналады, яғни арнайы емес жаралы колит ракалды ауру болып табылады.
Арнайы емес жаралы колиттің емі консервативті жолдан басталады:
- Жеңіл сіңетін белокты диета (майлы емес ет, балық, ірімшік) Жеміс-көкөністер керек емес. Аздаған мөлшерде. Ыстық және суық тағамдарды қолданбау. Ауыр жағдайында парентеральді қоректену.
- Детоксикация, ақуызды, су-электролитті балансты коррекциялау мақсатында инфузионды терапия.
- Антибиотикотерапия
- Седативті препараттар (кіші транквилизаторлар: элениум, седуксен)
- Диареяға қарсы терапия: антихолинэргиялық препараттар (қарсы көрсеткіші глаукома) ( солутан, платифиллин).
- Сульфосалазин жүйелі және жергілікті (клизма түрінде). Салофтальк- мықын ішектің терминальді бөлігінде ғана сіңетін сульфосалазин препараты
- Кортикостероидты гормондар арнайы емес жаралы колиттің ауыр түрінде жүйелі немесе жергілікті қолданады.
Аса ауыр жағдайда белок гидролизаттарын (аминопептид, казеин гидролизаты), аминоқыщқыл қоспаларын (альвезин, полиамин, вамин), глюкоза, липидтік дәрілерді (интралипид, липофундин) тамшылатып парентеральді қоректендіреді.
Қоректендірумен қатар электролиттік бұзылыстарды, микроэлементтер тапшылығын жою үшін калий, натрий хлориді, магний сульфаты ерітінділерін, витаминдерді, темір дәрмектерді емге қосады.
Базистік дәрмектер. Жаралы колит емінің базистік дәрілеріне жататындар: 5-аминосалицил қышқылының туындылары (сульфасалазин, салазопиридозин, салазодиметоксин, месалазин, салофальк, 5-аминосалицил қышқылы) және цитостатиктер (азатиоприн, меркаптопурин).
Жаралы колит емінің негізгі мақсаты – емді неғұрлым ерте бастап, морфологиялық бұзылыстардың тереңдеуіне жібермей, қабыну процесін мүмкіндігінше тез басу. Сондықтан базистік дәрмекпен бірге глюкокортикоидтарды (гидрокортизон, преднизолон т.б.) қолданады.
Микроклизмалар: балық немесе өсімдік майымен (шабдалының, оливканың, облепиха, итмұрынның) емдік клизмалар жиі әсер етеді. Сонымен қатар микроклизманы колларгол, антипирин, новокаин ерітіндісімен немесе түймедақ, зығыр ұрығының тұнбасымен жасайды.
Арнайы емес жаралы колит хирургиялық емі:
Жаралы колиттің асқынуларында немесе консервативтік емнің нәтижесі шамалы болғанда колонэктомия жасалынады. Операциялық емнің абсолютті көрсеткіштері: ішек перфорациясы, қан кету, уытты мегаколон және ішек рагі.
Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:
- Жедел гастроэнтероколит
- Ішек тітіркену синдромы
- Ішек жыланкөздері
- Туа пайда болған ішек өтімсіздігі
- Тоқ ішек дивертикулы
- Ішектің қалыпты қызметі үшін қажет 10 ереже
- Ішек өтімсіздігі
Загрузка…
Источник
Үлгі:Db-copyvio
Арнайы емес жаралы колит – тік және тоқ ішек кілегей қабығының жаралы деструкциялық зақымдануына және соның салдарынан ішектің стенозына, тесілуіне, қан кетуге, сепсиске т.б. себептерге алып келуі мүмкін созылмалы ауру.
Арнайы емес жаралы колит таралуы:[өңдеу]
Үлгі:Db-copyvio
Бұл ауру әдетте жас шақта, 20-40 жас аралығында пайда болады және әйелдерде 1,5 есе жиі кездеседі. Көбіне бүл ауруға дамыған елдердің қала тұрғындары, 100000 түрғынға шаққандағы кездесу жиілігі 30-270 шамасында. Темекі тартатын адамдардың арасында 2 есе сирек байқалған. Болжамдар бойынша никотин тоқішекке протекторлыұ әсер етеді. Таралуы жер бетінде бірдей емес, ең жиі шалдығатын Скандинавия, Солтүстік Америка, Канада, Израиль, тұрғындары. Таралу ерекшелігін этностық, генетикалық ықпалдармен байланыстырады.
Үлгі:Копивио
Соңғы жылдары бұл аурудың егде жастағыларда (60-тан асқан шақта) және балаларда жиіленуі байқалған.
Арнайы емес жаралы колиттің патогенезі[өңдеу]
Толық анықталмаған. Оның дамуы келесі механизмдердің қатысуымен байқалған:
- Ішек дисбактериозы – тоқішектің микрофлоралық құрамының бұзылысы; құрамы өзгерген микрофлора уытты, аллергендік әсер етіп, ішек қабырғасын қабындыруы;
- Тоқ ішек кілегей қабығының белоктық молекулалар мен бактериялық антигендерге өткізгіштігінің артуы.
- Зақымданған ішек қабырғасынан ішектік аутоантигендердің бөлінуі, оған антиденелердің түзілуі.
- Аутоиммундық процесстің өрістеуінен ішектен тыс зақымданулардың пайда болуы.
- Тоқішектің қабырғасында иммундық комплекстердің жиналуы және түзілуі, осыдан иммундық қабынудың пайда болуы.
Бұл ауруда қабыну процесі кілегейлі қабықтан басталады – эпителий мен крипталар деструкциясынан. Басым зақымданатын кілегей қабық. Кілегей қабықтың меншікті пластинкасы, крипталары лимфоциттермен (криптит), полиморфты нейтрофильдермен инфильтрацияланады. Криптит микроабсцеске, яғни крипт-абсцеске алып келеді. Олар жарылып микроскопиялық жараларға айналады. Олар бір-бірімен ұласуынан көзге көрінетін ірі жаралар қалыптасады. Бұл арнайы емес жаралы колитке тән белгі.
Арнайы емес жаралы колит жіктелуі:
Орналасуына байланысты:
- Арнайы емес жаралы проктит және проктосигмоидит;
- Арнайы емес жаралы сол бөлікті колит;
- Арнайы емес жаралы тотальді колит;
- Арнайы емес жаралы регионарлы колит.
Ағымына байланысты:
- Жедел арнайы емес жаралы колит
- Созылмалы арнайы емес жаралы колит
- Рецидив беруші арнайы емес жаралы колит
Ауырлығына байланысты:
Жеңіл түрі — күніне 5 реттен көп қоймалжың қан мен шырыш араласқан нәжіс, қанағаттарлық жағдай, жоғары температура, тахикардия, анемияның болмауы.
Орташа түрі — күніне 5-8 рет болатын қан мен шырыш араласқан нәжіс, аздаған дене қызуы, анемия байқалады, жағдайы қанағаттарлық.
Ауыр түрі — ауыр диарея (күніне >8 рет); Қан, шырыш және ірің араласқан нәжіс, дене температурасы 380С-ден жоғары, анемия, жалпы жағдайы ауыр немесе өте ауыр.
Симптомдары:[өңдеу]
Іштің қан, ірің, кілегеі аралас өтуі;
Тенезмдер – дәнетке жиі-жиі отырғысы келу, отырғанда болмашы қан, кілегей, ірің бөлінеді (тік ішектің шырт түкіруі) Бұл тік ішектің аса белсенді қабынуының белгісі.
Іштің ауруы (көбіне сол жақ бөлікте) тоқ ішектің зақымданған проекциясына сәйкес. Кейде ауырсыну тамақ ішкеннен кейін күшейеді.
Интоксикациялық синдром: дәрменсіздік, адинамия пайда болады; дене қызуы көтеріледі, тәбет, салмақ төмендейді, жүрек айниды. Көбінде астенизацияның белгілері байқалады: депрессия, ашушаңдық, жвлағыштық т.б.
Арнайы емес жаралы колит диагностикасы:[өңдеу]
Қарап тексеру: Тік ішекті пальпациялау кезінде перианальді абсцесс, тік ішектің жыланкөзін, тік ішек өзегінің спазмын, қабырғасының шырышты қалыңдауын, қан, кілегей, іріңді байқауға болады.
Тоқ ішегтің эндоскопиялық зерттеуі (жедел түрінде клизмалық дайындақсыз да жүргізеді). Ректороманоскопия бұл ауруды анықтаудың алғашқы қадамы болып табылады. Зерттеуде сигматәрізді және тоқішектің шырышты қабатында ісіну және гиперемия көрінеді; Түбі ірің және фибринге толы эрозия ошақтары көрінеді. Арнайы емес жаралы колит дәнді шырышты қабықпен көрінеді.
Колоноскопия -әсіресе малиноскопияға күмәнданған кезде аурудың созылмалылығын, ауырлығын анықтауда тиімді.
Рентгенологиялық зерттеу:
Құрсақ қуысының жалпы рентгенологиясы кезінде арнайы емес жаралы колит кезінде 3-5% науқастарда кездесетін токсикалық мегаколоны диагностикалауға болады. Зерттеу кезінде тоқ ішектің көлденең бөлігінің пневмотизациясы байқалады. Тоқ ішектің перфорациясы кезінде бос газ көрінеді. Арнайы емес жаралы колит кезінде ирригоскопияның белгілері: гаустрацияның жоғалуы, тоқішек өзегінің тарылуы, псевдополиптер анықталады. Асқыну кезінде бұлшықеттің спазмы кезінде тоқ ішек қысқарады.
Лабораторлы анализдер:
Анемия, әр түрлі деңгейдегі анемия және лейкоцитоз, гипо- және диспротеинемия байқалады.
Дифференциялды диагноз:
Бактериялық және амебалық дизентерия. Бұл ауруды айырғанда сүйенетін мәліметтер: эпиднмиологиялық анамнез, маусымға тәуелділігі; іштің алғашқы күннен бастап өтуі, кілегейдің бөлінуі, нәжісте қан талшықтарының пайда болуы; нәжісті зерттегенде шигелла, патологиялық амебаны анықтау; ректороманоскопияның мәліметтері – ішектің тарылмауы, кілегей қабық өрнегінің сақталуы; некроз ошақтарының, псевдополиптердің, дтффузды қанағыштықтың болмауы.
Арнайы емес жаралы колит хирургиялық емі:[өңдеу]
Жаралы колиттің асқынуларында немесе консервативтік емнің нәтижесі шамалы болғанда колонэктомия жасалынады. Операциялық емнің абсолютті көрсеткіштері: ішек перфорациясы, қан кету, уытты мегаколон және ішек рагі.
Дереккөздер[өңдеу]
1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том
Источник